Конгода шіркеуге жасалған қарулы шабуылдан 30-дан астам адам қаза тапты. Оқиға 27 шілде күні елдің шығысындағы Итури провинциясындағы Команда қаласында орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Шабуыл салдарынан шіркеудің ішінде және маңында кем дегенде 34 адам оққа ұшқан. Сонымен қатар бірнеше үй өртке оранып, кейбір мәйіттер қатты күйген күйде табылған. Қаланың азаматтық қоғам үйлестірушісі Диедонна Дурантабоның айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.
Әскерилер кемінде 10 адамның қаза болғанын растағанымен, жергілікті ақпарат құралдары мен БҰҰ қолдайтын радиостанциялар құрбандар саны 40-тан асып кеткенін хабарлауда. Шабуылдаушылар қауіпсіздік күштері келгенге дейін оқиға орнынан бой тасалаған.
Бұған дейін, сәуір айында М23 тобы бақылауындағы аумақта болған шабуылдан 52 адам мерт болған еді. Аймақтағы қауіпсіздік ахуалы күрделі күйінде қалып отыр, ал халықаралық ұйымдар Итури мен Киву провинцияларындағы жағдайды гуманитарлық дағдарыс деп бағалауда.