Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ автокөліктеріне тосқауыл қойылып, шабуыл жасалды. Оқыс оқиға салдарынан карабинерлер корпусының сарбазы қаза болды.
Конго Халық Республикасындағы Италия елшісі Лука Аттаназиоға атыс барысында оқ тиген. Елшімен қатар оны күзетіп жүрген Италия жандармы да қаза болды.
ANSA таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға Гома қаласында болған. Ішінде шетелдік дипломат болған БҰҰ көліктерінің автоколоннасына тосыннан шабуыл жасалды.
Шабуыл не себепті ұйымдастырылғаны белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша шабуыл жасағандар дипломаттарды тұтқынға алмақ болған.
Үкіметтің қарулы күштері дер кезінде келуінің арқасында шабуылға тойтарыс берілді.
Аттаназио Конгодағы Италия елшілігін 2019 жылы қазаннан бастап басқарған.