Конгода Эбола безгегі қайтадан тіркелді

11 Қазан 2021, 10:19
10553
Бөлісу:
Конгода Эбола безгегі қайтадан тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конго Демократиялық Республикасының Бени қаласында Эбола безгегі қайта тіркелді. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Аймақта бұл ауру соңғы 5 ай бойы анықталмаған еді. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Эболаға шалдыққан 3 жасар бала ауруханада көз жұмған. Кейін тест сынамасы бойынша оның Эбола безгегін жұқтырғаны анықталған. 

Енді мамандар аймақта ауру қайта өршіп кетуі мүмкін деп дабыл қағады. 

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, дертті жұқтыруы мүмкін деген 100-ге жуық адам дәрігерлердің жіті бақылауында. 

Айта кетейік, 2018-2020 жылдары Бени қаласында Эбола безгегінен 2300 адам көз жұмған еді.

Өзгелердің жаңалығы