Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада өтіп жатқан Федерация кубогында қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таиланд құрамасына қарсы алғашқы мачта қарсыласы Мананчая Савангкаевтан 6:1, 6.3 есебімен басым түсті.
Теннистен Қазақстан құрамасы сапында Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Галина Воскобоева, Анна Данилина және Гозаль Айнитдинова бақ сынайды.Еске сала кетсек, Федерация кубогының Азия/Тынық мұхиты аймағы тобында Қазақстан, Үндістан, Таиланд, Қытай, Корея, Индонезия, Тынық мұхиты өзара мықтыны анықтайды. Қазақтан ұлттық құрамасының барлық матчы 6, 8, 9 ақпан күндері 11:00-де басталады. Финал 11 ақпан күні өтеді.