Конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша бірқатар жарыс кейінге шегерілді

5 Қараша 2020, 09:38
2471
Бөлісу:
Конькимен жүгіру және шорт-трек бойынша бірқатар жарыс кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) ресми сайтында конькимен жүгіру мен шорт-тректен 2021 жылғы Еуропа чемпионаты бұрын жоспарланғаннан бір апта кешіктірілетіні жарияланды, деп хабарлады Olympic.kz. 

16-17 қаңтарда Хиренвенде (Нидерланды) конькимен жүгіру бойынша Еуропа чемпионаты, 22-24 қаңтарда Гданьскіде (Польша) шорт-тректен Еуропа чемпионаты өтеді. Бұл турнирлерді Рождество кезеңінен алшақтату ұйымдастырушылар мен қатысушыларға дайындықты жеңілдететіні атап өтілді. 

Сондай-ақ, ISU Нидерландыда коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылған жылдамдықты коньки спортынан әлем кубогының шараларын өткізуге балама ретінде хаб тұжырымдамасын ұйымдастырудың мүмкіншілігін әзірлеу және бағалау бойынша жұмыс тобын тағайындады. 

Сонымен қатар, ISU Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатын және Коллалбода (Италия) өтетін конькимен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын өтпейтінін мәлімдеді. ISU аясындағы қалған жарыстар жоспарға сәйкес өтуі керек.


Өзгелердің жаңалығы