Компартия ашаршылықты саналы түрде ұйымдастырды – Мекемтас Мырзахметов

29 Мамыр 2020, 15:45
2004
Бөлісу:
Компартия ашаршылықты саналы түрде ұйымдастырды – Мекемтас Мырзахметов
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл қасірет бізге өзінен-өзі келген жоқ, оны компартия саналы түрде ұйымдастырған. Бұл туралы ғалым Мекемтас Мырзахметов "Ғасыр зұлматы" атты жиын барысында айтты. 

Ғалым бұлай айтуына дәлел жеткілікті екенін айтады.
16-шы съезде сол кездегі Қорғаныс министрі Ворошиловтың сөйлеген сөзі бар. Сонда ол біз ашаршылықты саналы түрде ұйымдасырдық деп айтады. Яғни сол кездегі қазақтың көш басшыларын және оларға еретіндерді құрту болғанын нақты айтылған. Оның үстіне КСРО ол кезде Еуропаға астық сатып жатқан, оның бәрін біз білмедік. Ресейдің о бастағы мақсаты ноғай мен қазақ халқын жер бетінен жоғалту болды. Жер иесіз қалу керек болды. Сол үшін Ресей мен Қытай бірлесіп жоңғарларды бізге қарай айдап салды,-дейді М. Мырзахметов.
Сонымен қатар, ол Сталин заманында да түрік халықтарының басына нәубет төнгенін жеткізді.
Ресейге бағынған 47 түрік халықтарының көбінің жағдайы нашарлады. Соның ішінде қазақтарға ерекше тиісті. Мен бұл ашаршылықты өз көзіммен көрдім. Ол кезде 4 жастағы баламын. Шешем бізді арқалап станцияға баратын. Совхозбен арасы 3,5 шақырымдай. Сондағы жолдың бойында адамдар ыңырсып, шетінін өліп жататын. Осының бәрі неліктен болды дегенге ешқандай жауап болмай келді. Сталин білмей қалды, содан осылай болды деп жүрді. Кейін бұның бәрі саналы түрде ұйымдастырылған геноцид екенін біліп жатырмыз. Совет халықтары ішінде қазақтар мен украиндерге қатты жәбір көрсетілді,-деді ол.

Сондай-ақ, ол ашаршылық жайын қазақ тарихшылары көп зерттеуі қажеттігін баса айтты. 
Бұл мәселені өзіміз қолға алмасақ, бізге басқа жанашыр жоқ. Сондықтан жастар, зиялы қауым тарихты да мықты білу керек. Сол кездегі өтіріктердің барлығын ашуы қажет. Түбі мұның бәрі ашылады,-деді М. Мырзахметов.
Ашаршылық пен респрессия құрбандарын еске алуға арналған аталған шара "Егемен Қазақстан" басылымы ұйымдастыруымен өтті.



Өзгелердің жаңалығы