Коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізілді

5 Қаңтар 2022, 09:45
1828
Бөлісу:
Коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткен кеңесте ахуалды тұрақтандыру үшін бірқатар қосымша тапсырма берді.

1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге  енгізу;

2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;

3. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңды әзірлеуге кірісу;

4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;

5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;

7. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.

Жиын барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов баяндама жасады.

 

Өзгелердің жаңалығы