Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жауап берді.
Оның айтуынша, бұл жергілікті әкімдіктер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, салалық органдар бірлесіп шешетін мәселе.
Естеріңізде болар, халықтың белгілі бір санатына көктемде коммуналдық төлемдер бойынша өтемақы төленген болаты. Әр жеке шотқа 15 мың теңгеден түсті. Бұл мәселе төтеншежағдай енгізілген немесе елдің көп бөлігі карантинге жабылған кезде тағы өзекті болуы мүмкін, - деді ол.
Сондай-ақ, комитет төрағасы Президентінің тапсырмасын орындау барысында, 1 сәуірден бастап төтенше жағдай және карантин кезеңінде еліміз бойынша халық үшін тарифтер орта есеппен 7,4%-ға төмендегенін атап өтті. Нәтижесінде, бір айда халық тобы тұтынушыларының қаражатын жалпы үнемдеу шамамен 1 млрд. теңгені құрады.