Қазір ҰҚК қызметкерлері ретінде өздерін ұсынатын телефон алаяқтарының қатысуымен жағымсыз оқиғалар жиілеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство атап өткендей, қаскүнемдердің негізгі мақсаты - түрлі қаржылық операцияларды жүргізу арқылы ақшаны заңсыз иелену, азаматтардан көмек сұрау.
ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ екенін хабарлаймыз. Күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен кезде полиция органдарына жүгінуді ұсынамыз, - деп ескертті ҰҚК.