Комитет биологиялық белсенді қоспалардан абай болуға шақырды

1 Ақпан 2024, 20:02
674
Бөлісу:
Комитет биологиялық белсенді қоспалардан абай болуға шақырды
Фото: pixabay.com/ru

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Азық-түлік тауарларына арналған техникалық регламенттерді бақылау басқармасының басшысы Әйгерім Садубаева қауіпті тағамдардан абай болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір қауіпсіздігі мен сапасын растайтын мемлекеттік бақылаудан өтпеген биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) әлеуметтік желілердегі жарнамасы және онлайн саудасы таралып жатыр.

ББҚ арнайы тамақ өнімдеріне жатады және оның қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжат Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу ұйымдарының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зерттеулер хаттамалары мен сараптамалық қорытындылары негізінде денсаулық сақтау органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, - деді басқарма басшысы.

Тіркелген ББҚ тізбесімен Еуразиялық экономикалық комиссияның https://nsi.eaeunion.org/portal/1995?date=2024-01-19 ресми сайтындағы Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде танысуға болады.

2023 жылдан бастап Комитеттің аумақтық бөлімшелері ББҚ жарнамалары мен сатылымына интернет-дүкендеріне, әлеуметтік желілерге және бұқаралық ақпарат құралдарына үнемі санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіп келеді. Мәселен, 13 мыңнан астам жарнама таратушы тексерілді, оның ішінде 4 мыңнан астам профильде онлайн сауда арқылы МТТК-сіз ББҚ-ны сату фактілері анықталды, - деп айтты Әйгерім Садубаева.

Осылайша, жарнаманы бұзушылар құрамында психикалық-белсенді заттар (салмақ жоғалтуға арналған препараттар) бар, тәуліктік тұтыну нормаларын бұза отырып (Д, Са, Е дәрумені бар ББҚ), қолдан дайындалған (ББҚ өндірушісі белгіленбеген) ықтимал қауіпті ББҚ-ны сатты.

Бұдан басқа, ББҚ-ы емдік қасиеттері туралы мәліметті орналастыру арқылы жарнамаланады, дегенмен ББҚ-ы дәрілік зат болып табылмайды, тамақ өнімдеріне жатады.

Ақпарат саласындағы уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл кезінде интернет-ресурстарда заңсыз жарнаманы бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Meta Platforms» компаниясының 23 профильді парағы жойылды, 1800-ден астам құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылданды. Мониторинг нәтижелері бойынша 1291 (71%) таратушы әлеуметтік желілерде ББҚ-ны жариялауды тоқтатты, - деп айтты ол.

Халықты ақпараттандыру үшін комитеттің сайтында Сәйкес келмейтін өнімдер тізілімінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, тіркелмеген 43 ББҚ тізбесі жарияланды. Осыған байланысты, комитет ББҚ-ны дәріханалардан, дәріхана пункттерінен, арнайы дүкендерден және сауда желісінен МТТК-ны талап ете отырып сатып алуды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы