Иранның Семнан провинциясындағы Дамган қаласындағы көмір шахтасында газдың ағып кетуінен жеті жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Iran International News агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мехмандовиехтегі Джавахер Зогал шахтасында газ ағып кетіп, кем дегенде жеті адам қаза тапты, - делінген ақпаратта.
Қаза тапқандар арасында мердігер де бар екені анықталды.
Басылымның хабарлауынша, шахтада тағы үш жұмысшының бар екені белгілі.
Қазіргі уақытта газдың ағып кету себептері анықталған жоқ.