Комендатура алматылықтарға шұғыл ескерту хабарлама таратты

5 Қаңтар 2022, 16:07
897
Бөлісу:
Комендатура алматылықтарға шұғыл ескерту хабарлама таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қалалық комендатура тұрғындарға шұғыл ескерту хабарлама таратты, деп жазды Хабар24.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарынан серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуларын сұрап отыр. 

Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырып жатыр. Тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелері Төле би, Райымбек және Абай даңғылдарынан, сондай-ақ қала орталығынан айналып өту жолдарын жоспарлағаны абзал. Қауесеттер мен жалған ақпараттардың болуын ескере отырып, қала тұрғындарын ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз, - делінген ресми құжатта.  

Өзгелердің жаңалығы