"Көмекті күтпей, терезеден секірген". Астанада тұрғын үйден өрт шыққан

28 Наурыз 2025, 14:35
719
Бөлісу:
"Көмекті күтпей, терезеден секірген". Астанада тұрғын үйден өрт шыққан
Фото: BAQ.KZ архив

28 наурызға қараған түні елорда тұрғын үйлерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі astanovka98 telegram арнасына сілтеме жасап.

Үйден 50 адам эвакуацияланды.

Ол жерде өрт болған – 2-ден 9-қабатқа дейінгі электр қалқаншалары өртенген. Өрттің таралу жылдамдығы өте жоғары болған.

Олардың айтуынша, өрт салдарынан кейбір адамдар терезеден секіріп, пәтерлерінен асығыс шығып кеткен. Кейбірі өзімен бірге үй жануарларын да алып үлгерген. Бұл – аталған тұрғын үй кешенінде электр қалқаншасының бірінші рет тұтануы емес. Бұған дейін дәл осындай жағдай осы кешендегі Мəңгілік Ел 51/5 мекенжайындағы блокта болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, олар өртті сөндіріп, 9 адамды құтқарған, оның екеуі – бала. Барлығы 50 адам эвакуацияланған, олардың ішінде 18 бала бар.  Өрттен 3 бала зардап шеккен. 

Алайда өрттің шығу себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы