Командир сарбазды өзінің баласындай тәрбиелеуі керек - Ертаев

14 Маусым 2022, 09:59
1472
Бөлісу:
Командир сарбазды өзінің баласындай тәрбиелеуі керек - Ертаев

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында Халық каһарманы, генерал-лейтенант  Бақытжан Ертаев айтты.

Менің үнемі айтатыным, командир баласын өзінің баласындай, інісіндей жақсы көруі керіп тәрбиелеуі керек. Сонда ғана сарбаз командирді әкесіндей санады. 

Мен мысалы сарбазды шақырып алып, қарапайым тілмен әңгімелесемін. Біздің дәстүрде бірінші баланы ата-әжесіне береді, ол ата-анасына «сен» деп сөйлейді. Оны көбі біле бермейді. Сарбаздармен әңгімелесу кезінде осының барлығын сұрап, қай жерде өскенін біліп, анасына хат жазатынымды айтатынмын. Балаңыз келді, бірігіп тәрбиелейік, маған жәрдемдесіңіз дейтін едім. Мен ағасындай болайын деп хат жазатынмын, - деді ол.
 

Ертаев атағандай, сарбаздардың ата-аналарына ғана емес, мұғалімдеріне де жазатынын айтты. 

Осылайша, олармен үнемі байланыста отыратынмын. Қазіргі жастар бұрынғылар сияқты емес. Идеология басқаша. Жастар бұзылған жоқ, заманына сәйкес өмір сүріп жатыр. Бірақ біз оларға қол үшін беруіміз керек. Ақсақалы бар елдің ақы сұрауы бар, жасы бар елдің болашағы бар.Қазір ортақ командирлерге кеңес беремін. Командир  педагог та болуы керек. Тәрбие керек. Тәрбиені әке, ана, мектеп, әскер сабы деп бөлмеу керек, - деді Ертаев.

Өзгелердің жаңалығы