Колумбияда тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы ел президенті Густаво Петро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 12 Қараша 2024 2024, 09:12
12 Қараша 2024 2024, 09:12
650

Бұл туралы ел президенті Густаво Петро мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бір аптадан бері толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқын және лай көшкініне ұласты. 

Табиғи апаттан 27 аймақ зардап шекті. Тасқын су мен лай-батпақ үйлерді, мектептер мен егін алқаптарын шайып кеткен. Малға да үлкен қауіп төніп тұр. 

Қазір 100 мыңнан астам тұрғын шұғыл көмекке мұқтаж. Ел астанасын Боготаны су басты. Кейбір жерде судың деңгейі 70 сантиметрге жеткен.

Наверх