Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай тәртіпсіздік ел астанасы Боготадағы Боливар алаңында өтті, деп хабарлайды 24.kz.
Ашуға булыққан шерушілер резеңке доңғалақтарды өртеп, полицейлерге жанғыш зат құйылған бөтелке мен тас лақтырды. Тәртіп сақшылары да қарап қалған жоқ. Халыққа қарсы суатқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ондаған адам зардап шеккен. Бір топ ереуілші қамауға алынды. Әзірге олардың нақты саны белгісіз.
Айта кетейік, бастапқыда наразылық акциялары студенттер мен мұғалімдердің маршы ретінде өтуі тиіс болған. Бірақ кейін ол жаппай ереуілге ұласты.