Колумбияда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

9 Ақпан 2022, 09:27
1093
Бөлісу:
Колумбияда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның батысында бірнеше күн бойы жауған жауыннан лай көшкіні жүріп, 14 адам мерт болды, деп хабарлады 24.kz.

Тағы 35 тұрғын түрлі жарақат алған. Құтқарушылар жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Мамандар опат болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Алдағы уақытта көшкін қайталануы мүмкін дейді мамандар. Сондықтан апатты аймақтан 60-қа жуық отбасы эвакуацияланды. Қазір табиғаттың тосын мінезінен келген шығын есептеліп жатыр.

 Өте қиын жағдайға тап болдық. Қазір жоғалған туыстарымызды іздестіріп жатырмыз. Мен әкемді таба алмай жүрмін. Көшкіннен көптеген ғимараттың тас-талқаны шыққан. Оннан астам адамның қаза болғаны мәлім, – деді зардап шеккендердің бірі.

Өзгелердің жаңалығы