Колумбияның солтүстігінде батпақ 70 үйді басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды.
Лай көшкініне жаңбыр себеп болған. Нөсер бірнеше күн бойы толассыз құйған еді. Көшелерді су шайып, инфрақұрылым қираған. Тіпті қабірлерге зақым келген.
80-нен астам отбасы шұғыл қауіпсіз жаққа көшірілді.
Билік Кариб теңізі мен Атлант мұхитында ауа температурасы төмендегенін айтады.