Колумбия аумағында магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Фронтино қаласынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 13 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқи отырыңыз: