Колумбияда экс-партизан президент болды

8 Тамыз 2022, 12:27
1386
Бөлісу:
Колумбияда экс-партизан президент болды

Партизан қозғалысының бұрынғы мүшесі, осыған дейін 2 рет сайлауға қатысқан Густаво Петро Колумбияның президенті атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлықтау рәсіміне 8 елдің басшысы қатысқан. Густаво алғашқы шешімімен көршілес Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасты қайта қалпына келтірді. Екі елдің арасы 2015 жылы ушығып, шекаралар жабылып қалған болатын.

 Сондай-ақ 62 жастағы саясаткер байларға салынатын салық көлемін арттырып, ірі корпорацияларға берілетін жеңілдікті алып тастайтынын және әлеуметтік жобаларға жылына 10 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. Бұдан басқа зейнетақы реформасын жүргізіп, білім алуды тегін қылуға уәде берді.

 Колумбиядағы және шетелдегі отандастарыма біздің мемлекет үшін тамаша мүмкіндік басталғанын жеткізгім келеді. Бұл менің ғана емес, халықтың да жеңісі. Үлкен өзгерістер жасайтын сәт туды. Біз колумбиялықтар өз мемлекетін басқара алмайды деген түсінікті толығымен жоққа шығардық. Біз енді біртұтас елге айналамыз!,- деді Колумбия президенті  Густаво Петро

Өзгелердің жаңалығы