Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Колумбияның батысында алтын өндіретін шахтаның құлауынан бес адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, деп хабарлады korrespondent.net.
Оқиға Каука департаментінде орналасқан Сантандер-де-Киличао қаласында болды.
Алтын шахтада заңсыз өндірілген деген болжам бар. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шахта жұмысы бұрын тоқтатылған.