Колумбия әскерилері 6 тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Есірткі Панама кемесінен табылған. Қылмыскерлер зиянды затты банан қорабына салынған порей пиязының арасына жасырыпты. Бұл туралы Колумбия президенті Густаво Петроның өзі мәлімдеді. Кокаинның жолын кесуге арнайы жүргізілген операция себеп болған.
«Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша былтыр бұл елде 626 тонна есірткі тәркіленді. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 35%-ке көп.