Көлсайда автобус жартастан құлап кете жаздады

Көлік тұрақтан өздігінен қозғалып кеткен.

 Алматы облысының әкімдігі Бүгiн 2026, 17:49
Бүгiн 2026, 17:49
213
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Көлсай көлдері маңында микроавтобус еңістен төмен қарай сырғып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаға қатысты мәліметті облыстық Полиция департаменті ұсынды.

Көлсай көлдері орналасқан таулы аймақта микроавтобустың қатысуымен қауіпті жағдай болды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады: кадрлардан көліктің басқарудан шығып, тік беткеймен төмен қарай сырғып кеткені көрінеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде көлік ішінде адам болмаған. Соның арқасында ауыр салдардың алды алынған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін, 25 сәуір күні болған. Болжамдардың біріне сәйкес, микроавтобус тұрақ орнынан өздігінен қозғалып, еңіске қарай кеткен.

Наверх