Колонияда ағылшын тілі курсы ашылды

22 Шілде 2022, 20:26
1914
Бөлісу:
Колонияда ағылшын тілі курсы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі қоныс колониясында ағылшын тілін оқыту үйірмесі ашылды.

Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамда алар орны да ерекше. Әлемнің көптеген елі ағылшын тілін жетік біледі.  Ағылшын тілін білу жаңа әлемнің есігін ашып береді. Осыған орай  ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/22 мекемесі меморандум жасау арқылы сотталғандарға ағылшын тілін үйрену курстарына жол ашты.

Колонияда ағылшын тілі курсы ашылды

Өскемен қаласы ішінде еркін жүруге құқығына ие сотталғандардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында  Оралхан Бөкей атындағы кітапхана іргесінде орналасқан шет тілі курстарына жазылып жатқандар қатары көбеюде.  Курс кітапхана, мекеме аумағында  өткізіледі.

Кітапхана өз тарапынан көрнекі-құралдармен жабдықтап жатыр. Курс аяқталысымен  біліктілік сертификаттар табысталады. Сотталғандар өз тарапынан осындай мүмкіндікке ие болуға  жол бастаған  мекеме әкімшілігіне алғыс білдіріп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы