Колония қоршауынан есірткі лақтырмақ болған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда колония қоршауынан кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды.&nbsp;Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады.</h4>

 31 Шілде 2020 2020, 02:30
31 Шілде 2020 2020, 02:30
2549

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда колония қоршауынан кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру шаралары барысында түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан жапсырмамен оралған 3 ораманы лақтыруға ниеттенген 1993 жылғы азаматты құрықтады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан салмағы 290,23 грамм болатын есірткі затын лақтырмақ болған азамат ұсталды. Тараз қаласының тұрғыны бұл затты ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырмақ ойы болғанын мойындады, - делінген хабарламада.

Наверх