Коллекторлар мен қаржы ұйымдарына шағымданушылар азайған

4 Қыркүйек 2023, 05:40
795
Бөлісу:
Коллекторлар мен қаржы ұйымдарына шағымданушылар азайған
Фото: baq.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 4 193 өтінішін қарады. Бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 15,9%-ға аз.

Өтініштердің 50,0%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 23,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 2,0%-ын, өзге ұйымдардың 17,5%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетусіз 1,5%-ды құрады.

Агенттік 2023 жылғы шілдеде 6 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 5 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 13 хаттама бойынша 4,6 млн теңге жалпы сомаға 13 әкімшілік жаза қолданды.

Өзгелердің жаңалығы