Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста отандасымыз қола медаль жеңіп алды

18 Қазан 2022, 09:58
1510
Бөлісу:
VIDEO

Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыс 9-17 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. 

Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі. Былтыр Павлодар колледжінің студенті болған Дина «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша EuroSkills Graz 2021 Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Динаны жеңісімен құттықтаймын! Оның еңбегі, білімі мен табандылығы еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін, - деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Чемпионатқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 30 құзыреттілік бойынша қатысып жатыр.

WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 ​​демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатқанын атап өткім келеді. Чемпионатқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 30 құзыреттілік бойынша қатысып жатыр. Жарыстар 10 елдің 16 қаласында өтіп, 28 қарашаға дейін жалғасады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы