Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Көліктің жартысы ғана қалды": Теміртаулық жігіт Астанада көлік ұрлап, жантүршігерлік жол апатына ұшырады

25 Тамыз 2025, 17:13
2554
Бөлісу:
 threads.com/@ilyas_dogolbayev
Фото: threads.com/@ilyas_dogolbayev

Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

24-ші тамыз түнде болған жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті.

Жол апатының суреттері мен видеолары Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Суреттерден жол апатынан кейін көліктің жартысы ғана қалғанын көруге болады.

"Көліктің жартысы ғана қалды": Теміртаулық жігіт Астанада көлік ұрлап, жантүршігерлік жол апатына ұшырады
threads.com/@ilyas_dogolbayev

Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 маркалы көлікті заңсыз иеленген. Қаланың ішінде қозғалып жүріп, жол ережелерін өрескел түрде бұзған. Айналасындағыларға қауіп төндірді. Нәтижесінде үш адам зардап шекті. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Ал көлік ұрлаған жігіт ешқандай жарақат алмаған, – деді полиция департаментінде.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

"Көліктің жартысы ғана қалды": Теміртаулық жігіт Астанада көлік ұрлап, жантүршігерлік жол апатына ұшырады
threads.com/@ilyas_dogolbayev

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысындағы жол апаты болған.

Өзгелердің жаңалығы