Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы "пара алды" деп айыпталды.
Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ірі габаритті тасымалдау субектілеріне жалпы қамқорлық жасау үшін олардан жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы" РММ-нің бас маманы С. С. Айдаркеновке қатысты тергеуді аяқтады.
Биылғы жылдың 3 желтоқсанында №2 Байқоңыр аудандық соты үкімімен C. С. Айдаркенов "бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі" деп танылды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, бақылау инспекциясының экс-бас маманына 26 млн 250 мың теңге айыппұл салынды, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз хабарламасында.