Көлікті мас күйінде жүргізген қарағандылық 2,5 жылға қамалды

Кеше, 18:31
149
Бөлісу:
Көлікті мас күйінде жүргізген қарағандылық 2,5 жылға қамалды
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін іс бойынша үкім өзгертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шет аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотталған азаматқа қатысты үкімін өзгертті.

Бастапқыда оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда, прокурордың өтінішхаты бойынша өткізілген апелляциялық сот алқасының қорытындысымен жаза сол мерзімге бас бостандығынан нақты айыру жазасына өзгертілді, - делінген ақпаратта.

Сот сотталғанға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына бақылауды күшейтуге, сондай-ақ заңды бұзғаны үшін әділ жаза қамтамасыз етуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы