Көлікпен жаяу жүргіншілер көпіріне шығып кеткен астаналық изоляторға қамалды

Бүгiн, 12:22
188
Бөлісу:
Көлікпен жаяу жүргіншілер көпіріне шығып кеткен астаналық изоляторға қамалды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Renault көлігін тізгіндеген азаматтың видеосы тарады. Ол Атырау көпірінен көлігімен жүріп өтіп, көпшілікке шоу көрсеткісі келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көлік иесі көпірдің жолын бүлдіріп, ережелерін бұзған. Оның үстіне көлігін нөмірсіз жүргізген.

Астананың жол полициясының мәліметінше, қазіргі таңда көлік коммуналдық тұраққа жіберілді, ал жүргізушінің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Renault  маркалы автокөлік иесі жаяу жүргіншілер көпірінде көлік тізгіндеп, жолды үстін бүлдірді. Көлікті мемлекеттік нөмірсіз басқарып, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оған қала аумағында жасыл желектерді қиратып, ұсақ бұзақылықтар жасады деген айыптар тағылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылған. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда материал сотқа жіберілді, - деді Астана қаласы полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы