Көлікке таласқан әкесі ұлын жазым етті

Бүгiн, 05:15
832
Бөлісу:
Көлікке таласқан әкесі ұлын жазым етті
Фото: nova24.uz

Өзбекстанда автокөлігін бөлісе алмаған әкесі ұлын қатігездікпен өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ NOVA24.uz-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам ұлын үтікпен, тігін машинасымен және желдеткішпен ұрған.

Жаға ұстатқан қылмыс Ферғана облысының Маргилан қаласында болғаны айтылды. Келіспеушілік әкесі мен ұлы Lacetti көлігін кім жүргізетіні туралы мәселе көтерілгенде басталған. Жалға алған көлікті қолданып жүрген ұлы оны басқа адамға 2,7 мың доллар қарызы үшін кепілдікке берген.

Әкесі қарызын жабуға көмектесіп, автокөлікті қайтарады. Алайда ұлы тағы да бұрынғы әрекетін қайталап, әкесінің көлігін сұраған. Осылайша, олардың арасында дау-дамай туындап, әкесі ұлына қол көтергені айтылды.

Әкесі оны үтікпен басынан бірнеше рет ұрып, артынша тігін машинасы мен желдеткішпен соққының астына алған. Ұлы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Ер адам Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 97-бап 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оның 10 баласы барын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.

Өзгелердің жаңалығы