Көлік вице-министрі тағайындалды

24 Қазан 2023, 18:41
520
Бөлісу:
Көлік вице-министрі тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Талғат Ластаев Көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Тлеубекұлы Ластаев ҚР көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Талғат Ластаев 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Украина Ұлттық авиациялық университетін, Дьюк университетінің Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебін (Солтүстік Каролина, АҚШ) бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылы банк саласында бастады.

Түрлі жылдары өндірістік кәсіпорындарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2008 жылы — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті Автомобиль жолдары басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

2008-2009 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Сапаны басқару басқармасының бастығы.

2009-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы.

2023 жылдың қазан айында ҚР көлік вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы