Көлік салығына қатысты ТОП-8 сұрақ-жауап

1 Сәуір 2021, 18:19
3222
Бөлісу:
Көлік салығына қатысты ТОП-8 сұрақ-жауап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша (қосымша нөмірі – 3) ең жиі келіп түсетін сұрақтар 2020 жыл үшін жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салыққа байланысты. 

Осыған байланысты сіздердің назарларыңызға мәселені тез шешуге көмектесетін ТОП-8 сұрақ пен жауаптарды ұсынамыз. 

№1-сұрақ

Егер мен көлікті сенімхат бойынша сатсам, салықты мен төлеймін бе, әлде автокөліктің нақты пайдаланушысы төлей ме?

Жауап:

Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып көлік құралына меншік құқығы тіркелген жеке тұлға болып табылады. Осылайша, төлеуші болып Сіз табыласыз, өйткені көлік құралы Сізге тиесілі. Нақты пайдаланушы Сіздің атыңыздан осы көлік құралына салық төлей алады (жіберілетін төлемде көлік иесінің ЖСН және Т.Ә.Ж көрсетілуі қажет). 

№2-сұрақ

«Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасында басқа жеке тұлғалар бойынша көлік құралдары салығының сомасы туралы хабарлама келді.

Жауап:

Өткен жылы сіздің мобильді қосымшаңызды пайдаланып, үшінші тұлғаларға салық төленгендіктен, пайдаланушыға осы үшінші тұлғаға хабарлама жіберілді (ЖСН көрсетілген).  Осылайша біз сізге бұл ескертуді елемеуге және бұл тұлға үшін төлем жасамауға кеңес береміз. 

№3-сұрақ

Жұбайы күйеуі үшін салық төледі, алайда күйеуіне көлік салығы үшін қарыз келді.

Жауап:

Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып көлік құралына меншік құқығы тіркелген жеке тұлға саналады. Бұл жағдайда күйеуі салық төлеуші болып табылады. Өйткені көлік құралы күйеуіне тиесілі немесе жұбайы жолдасының атынан осы көлік құралына салық төлей алады (жіберілетін төлемде көлік иесінің ЖСН және Т.Ә.Ж көрсетілуі қажет). 

№4-сұрақ

Егер автокөлік бірнеше жыл бұрын сатылса және оған салық қазір ғана пайда болса не істеу керек?

Жауап:

Көлік құралдары салығы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің орталық деректер базасы мәліметтерінің негізінде есептеледі.

Егер уәкілетті органның мәліметтері бойынша көлік құралы есепте тұрған жағдайда, салық органдары осындай көлік құралы бойынша салықты есептеуге міндетті.

Көлік құралын есептен шығару үшін мамандандырылған ХҚКО немесе ХҚКО жүгіну қажет. Бұл ретте, тіркеу есебінен шығару күніне дейін есептелген берешек пен салық сомасын төлеу қажет. 

№5-сұрақ

Автокөлік 2016 жылдың мамыр айынан бастап ұрлау фактісі бойынша іздеуде. Мен салық төлеуім керек пе?

Жауап:

Іздестірудегі көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық органдары ұсынатын қылмыстық іс қозғау фактісін (күнін) растайтын мәліметтер негіз болып табылады.

Мұндай салықты есептеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап тоқтатылады және көлік құралын айдап әкету және оны қайтару туралы қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта басталады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сіз тиісті қылмыстық іс қозғалған күннен бастап іздестіру кезеңінде көлік құралдары салығын төлеуші болып табылмайсыз. 

№6-сұрақ

Көлік жол оқиғасынан кейін жарамсыз күйде және пайдаланылмайды, осы автокөлік үшін көлік салығын төлеу керек пе?

Жауап:

Иә, салық төленуі керек, әзірге көліктің иесі бар және көлік жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұр. Осындай көлік құралы бойынша салық міндеттемесін орындауды тоқтату үшін оны тіркеу есебінен шығару қажет. 

№7-сұрақ

Көлік салығы бойынша қарыз келді. Көлік 2020 жылы сатылды және салық есептен шығарылған кезде төленді.

Жауап:

Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі.

Сонымен бірге іс жүзінде азаматтар көлік құралын иеленудің соңғы жылы үшін салық төлейтін жағдайлар жиі туындайды, дегенмен іс жүзінде олар алдыңғы кезеңдер үшін қарыздарын өтейді. Осылайша іс жүзінде олар өткен кезеңдер үшін салық берешегін төлейді, ал ағымдағы жылға салық төленбейді. Осыған байланысты келесі жылғы көлік құралын есептен шығарғанға дейін оның нақты иелену кезеңі үшін салық сомасы келеді. Осылайша қарыз туралы ақпарат алған жағдайда, Сіз салық берешегін төлеуіңіз қажет. 

№8-сұрақ

2020 жылы шетелден көлемі 5700 текше сантиметр «Лексус 570» автокөлігі әкелінді және есепке қойылды. Салық органында 500 мың теңгеден артық салық сомасы есептелінді. Неліктен салық сомасы мұндай үлкен?

Жауап:

Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін Салық кодексінің 492-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары ставка бойынша есептеледі.

Осылайша сіздің жағдайда сіздің көлігіңіздің бастапқы тіркеу күні – 2020 жыл, яғни 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін, салық сәйкесінше жоғары мөлшерлемемен есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы