Көлік салығын төлеу мерзімдері өзгертілді

25 Желтоқсан 2020, 15:53
5221
Бөлісу:
Көлік салығын төлеу мерзімдері өзгертілді

​​Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МКК баспасөз қызметі көлік салығын төлеу мерзімдерінің өзгергендігі туралы хабарлама таратты.

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді, - деді МКК.

Осылайша, жаңа түзетулер жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың I тоқсанының соңына ауыстырылады. 

Яғни, көлік иелері 2020 жылға арналған темір тұлпарына салықты 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлей алады. Бұл норма тұрақты, - делінген хабарламада.

Комитетте атап өткендей, бұндай жаңашылдықтар жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс есептеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемнің пайда болуын болдырмау мақсатында енгізілді. Сондай-ақ, көлік құралдарына қате (артық) төленген салықты қайтаруға байланысты әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында енгізіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы