Көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады

16 Наурыз 2023, 10:26
691
Бөлісу:
Көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады
Фото: kolesa.kz

1 сәуірге дейін көлік иелерінің бәрі міндетті түрде өткен жыл үшін салық төлеуі керек. Төлем уақтылы жасалмаған жағдайда әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады,деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл туралы Алматы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев айтты.

Борышкерге 30 жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарлама жіберіледі. Хабарландыру мерзімі өткеннен кейін берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, борышкерге 5 жұмыс күні ішінде берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберіледі,- деді Қуаныш Түменбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, борышкерлерге сот орындаушылары тарапынан одан әрі мәжбүрлеу шаралары қолданылады, оның ішінде мүлкі мен банк шоттарына тыйым салудан бастап, оның ішінде елден тыс жерлерге шығуына шектеу қойылады.

Айта кетейік, көлік салығын e-Salyk-Azamat мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады. Салық төлемдерін екінші деңгейлі банктердің, "Қазпошта" АҚ филиалдарында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да төлеуге болады.

Өзгелердің жаңалығы