Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 1 млн теңгеден асып кеткен. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері полиция департаментінің және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық бойынша қарыздары үшін арнайы айыппұл тұрағына автокөлік құралдарын орналастыру және анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында, салық бойынша ірі борышкер-автокөлік иесін ұстады, - делінген таратылған хабарламада.
Рейд Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлері полиция департаменті және жеке сот орындаушыларының палатасымен бірлесіп ұйымдастырған профилактикалық іс-шара аясында өткізілді.
"Алматы-Бішкек" автотрассасында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында жол полициясы қызметкерлері Toyota Land Cruiser 100 маркалы автокөлігін ұстады, "KRSPI" базасының мәліметтеріне сәйкес, 2015-2018 жылдары көлік салығы бойынша берешектері үшін жалпы сомасы 1268,0 мың теңгеге мәжбүрлеу шараларын қабылдау туралы сот орындаушысының қаулысы бар, - деп хабарлады комитетте.
Аталған автокөлік құралын бар қарызын өтегенге дейін сот орындаушылары Қарасай ауданы бойынша ЖПБ ПД-нің мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Бұл ретте автокөлік құралының иесіне салықтар бойынша қарызды өтеу міндеттелді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен өз еркімен өтеуін сұрайды.
Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе мына сілтеме бойынша өтіп біле алады.
Еске сала кетейік, 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.