Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста көлік қоғалысына шектеу қойылып, бірнеше бағытта жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 07:00-де ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Ақмола облысы бойынша:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Үспенка – РФ шекарасы» автожолының 36–200 км аралығы (Софиевка ауылы – Павлодар облысының шекарасы) жабылды.
Қарағанды облысы бойынша:
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 км бөлігі (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы).
- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1067–1135 км учаскесі (Молодёжный ауылы – Павлодар облысының шекарасы).
Жолдар ауа райы жақсарған жағдайда 2025 жылғы 9 желтоқсанда сағат 15:00-де қайта ашылады деп жоспарланып отыр.