Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар республикалық автожолда жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы:- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).
Түркістан облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).
"ҚазАвтоЖол" ақпаратынша, жолды 2026 жылғы 23 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.