Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар – ТЖМ

11 Сәуір 2024, 17:36
386
Бөлісу:
Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар – ТЖМ
Фото: ТЖМ

ТЖМ Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны туралы мәлімет айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала және облыс аумағында су басқан тұрғын үйлер мен аула аумақтары жоқ.

Жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 63 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.

Көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар: Қособа, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай, Бесоба, Алакөл, Сәуле, Қарақамыс ауылдары Қаратөбе ауданында, Ақтау ауылы Шыңғырлау ауданында.

830 саяжайды су басты, бұл Орал қаласы – 457, Бөрлі ауданы – 245, Бәйтерек ауданы – 112, Теректі ауданы - 16.

Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды (БҚО, Орал қаласы, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандары).

Облыс аумағындағы өзендер қауіпті деңгейге жеткен жоқ (қауіпті/нақты): Жайық - 850 см/724 см, Шаған - 1280-1300 см/1113 см.

13068 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5472 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 1819 адам орналасқан, оның ішінде 877 бала.

4886 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды (оның ішінде ірі қара – 2351, үсақ мал – 2482, жылқы малы – 52, түйе – 1).

Облыс бойынша барлығы 1 021 618 м3 еріген қар суы сорылды, 283 220 дана қапшық төселді, қазіргі уақытта 600 адам, 50 бірлік техника, 7 бірлік мотопомпа, 6 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған.

2 сағат сайын Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі бойынша адамдарды уақытша орналастыру пункттерін атай отырып, телерадиоарналардан хабарлама беру жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы