Көлік министрлігінің басшысы Үрімші әуежайына барды

25 Наурыз 2024, 22:52
511
Бөлісу:
Көлік министрлігінің басшысы Үрімші әуежайына барды
Фото: gov.kz

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Көлік министрлігінің басшысы, Астана және Алматы қалалары әуежайларының өкілдері Үрімші Дивопу халықаралық әуежайына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Сапар барысында қонақтарға Қытайдың шекаралас аймағының әуе айлағын дамыту бағдарламасы таныстырылды.

Жалпы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 28 әуежай бар. Үрімші қаласының әуежайы аймақтағы алдыңғы қатарлы нысан болып саналады. Өткен жылы 26 миллион жолаушыға қызмет көрсетілген. Тұрақты рейстерді 30 әуе компаниясы 200-ден астам ішкі және халықаралық бағыттар бойынша орындайды.

Сондай-ақ ҚР Көлік министрі ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы әуежайларының жедел басқару орталығына барды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын дамыту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы