Көлік министрлігі еліміздегі көлік әлеуетін дамытуға 500 млн еуро инвестиция тартпақ

30 Қаңтар 2024, 11:50
388
Бөлісу:
Көлік министрлігі еліміздегі көлік әлеуетін дамытуға 500 млн еуро инвестиция тартпақ
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Қаражатты министрлік пен Еуропалық инвестициялық банк арасында қол қойылған меморандум шеңберінде тарту жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр Марат Қарабаев Брюссельде ЕИБ вице-президенті Тереза Червинскаямен кездесті. Тараптар Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік байланыстарын дамытудың негізгі аспектілері туралы келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Қазақстанның автомобиль жолдарының өткізу қабілеттілігіне жәрдемдесу үшін берілетін қаражатқа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды талқылады.

Көлік министрлігі еліміздегі көлік әлеуетін дамытуға 500 млн еуро инвестиция тартпақ

Айта кетерлігі, бұған дейін Қазақстан ЕИБ-пен бірқатар меморандум жасасқан болатын, бұл елге қосымша инвестицияларды қамтамасыз етуі тиіс.

Кездесу қорытындысы бойынша Тереза Червинская ЕИБ пен Қазақстан арасындағы қатынастарды көлік әлеуеті тұрғысынан одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Бұл оқиға өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болады және Қазақстанның көлік саласына инвестициялар тартуға ықпал етеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы