Көлік айналарының ұрысы ұсталды

20 Қаңтар 2021, 14:28
1733
Бөлісу:
Көлік айналарының ұрысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бөтен адамдардың көліктерінің айналарын ұрлаумен айналысып жүрген азамат ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Жақында түрмеден шыққан 35 жастағы күдікті тәуліктің қараңғы  мезгілінде тұрақта тұрған көліктердің айналарын құрал қолдана отырып, шешіп алып жүрген. 

Ұсталған азамат ұрлықпен жалғыз айналысқан, қылмыстық жолмен алынған айналарды одан әрі сату мақсатында жасырған. Қазіргі уақытта біздің ауданда ғана ол жасаған бес эпизод анықталды. Қазір оның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев. 


Өзгелердің жаңалығы