Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл қалай салынады? – Сенатор түсіндірді

Кеше, 14:40
989
Бөлісу:
Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл қалай салынады? – Сенатор түсіндірді
Фото: BAQ.KZ архив

Сенат кулуарында депутат Марат Қожаев халық арасында қызу талқыланып жатқан тәртіпке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынатыны туралы кеше жазған едік.

ІІМ баспасөз қызметінің бізге берген жауабына сәйкес, тұрғын аудандарда қозғалтқышы 5 минуттан астам жұмыс істеп тұрған көліктерді қоюға тыйым салынады. Ереже бұзғандарға 5 АЕК (19 660 теңге), ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Сенатор бұл норманың жаңа емесін және ұзақ уақыттан бері қолданыста жүргенін айтады.

Мәселе мынада ғой, мұның бәрі экологиялық нормаларды сақтау үшін жасалған… Біздің үлкен қалаларымыздың ауасы қатты ластанған. Осыған байланысты бұл шара қолға алынып отыр. Иә, әрине, осы бап бойынша жауапкершілікке тарту үшін нақты процессуалдық дәлелдер қажет. Бұл жағдайда, бәлкім, бейнетүсірілім, уақытты тіркеу және тағы басқа әдістер қолданылады. Егер мұндай жағдай тіркелсе, онда бұл адамдар әкімшілік тәртіппен жазаланады, - деді Марат Қожаев.

 

Өзгелердің жаңалығы