Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов парадзюдодан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды құттықтады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Спортшыларымызды Баку қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтадым. Олар жалпы саны 5 медаль жеңіп алды. Оның екеуі – алтын медаль, үшеуі – қола медаль. Алтын жүлдені елордалық спортшылар – Ақмарал Науатбек пен Ерғали Шамей жеңіп алды. Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері – Даяна Федосова, Жанбота Аманжол, Олжас Оразалыұлы. Командалық жарыста спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Спортшылармен кездесуде парадзюдоны және паракаратэні одан ары дамыту, төлемдер, дайындық үшін жеке үй-жай бөлу және т.б. мәселелер талқыланды. Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларына алғыс білдіремін. Жетістік – қажырлы және тоқтаусыз еңбектің нәтижесі, – деп жазды А.Көлгінов.