Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордамыз шағын қаладан заманауи мегаполиске айналды! 20 жыл ішінде Нұр-Сұлтанның аумағы 3 есе артты, ал қала тұрғындары 300 мыңнан 1 миллион 200 мың адамға дейін өсті.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.
Тиісінше, тұрғын үйлерге, жолдарға, мектептерге, ауруханаларға және өзге де әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік артуда. Құрылысшылар қаланы дамыту жоспарын іске асыруға атсалысады.Олардың күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында қала өсіп, дамып келеді. Құрылысшылар елордада жайлылықты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде, - деді ол.Қала басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мереке – Құрылысшылар күнімен құттықтаймын. Ерен еңбектеріңізге алғыс білдіремін. Елордада жайлы өмір сүру Сіздердің жұмыстарыңызбен тікелей байланысты. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және әрбір игі бастамаларыңызға табыс тілеймін, - деді ол.