Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында азаматтарды қабылдау мәселелерді жүйелі шешуге мүмкіндік беретінін мәлім етті.
Азаматтарды қабылдау мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар қала тұрғындарының өміріне қалай әсер ететінін көруге, қаланың одан әрі дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді, - деп жазды ол.
Ол қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақты көп қоятынын айтты.
Мысалы азаматтарды қабылдаудағы негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі мен медициналық көмек алу екенін көрдік. Әлеуметтік жеңілдікпен берілетін пәтерлерді алушылардың санатын едәуір кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, сондай-ақ оңалту орталықтарының, медициналық орталықтардың, балалар үйірмелерінің және т. б. желісін кеңейттік, - деп атап өтті әкім.
Сонымен қатар Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес спортпен айналысу үшін жағдай жасайтындарын айтты.
Қоғамдық кеңістіктер ашып (саябақтар, бульварлар), аулаларды абаттандырамыз, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысымен айналысамыз және т.б. Бұл балаларды спортқа дағдылауға, олардың физикалық денсаулығын күтуге мүмкіндік береді. Бүгін қабылдауға жазылған 10 тұрғынды онлайн қабылдадым. Кездесулердің өзектілігін көріп, қабылдауларды апта сайын өткіземіз. Сұрақтардың бір бөлігі сол жерде шешілді, қалғандары назарға алынды. Қажет болған жағдайда мамандар өтініш білдіргендерге барып та жатады, - деп жазды қала әкімі.