Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов айтты.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 834 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Соңғы аптада тәулігіне орта есеппен коронавирус жұқтырғандар саны тұрақталып, қазіргі күні бұл көрсеткіш аздап төмендеді. Күніне орта есеппен 9 мыңнан астам ПТР-сынама жүргізіліп жатыр. Жедел жәрдемді шақыру саны 11 пайызға төмендеді. Індетті таратпауға қатысты іс-шаралар қабылданды. МВК бекіткен карантин шектеулері өз септігін тигізді. Бүгінде Аshyq жүйесіне 10 мыңға жуық кәсіпкерлік нысан қосылды. Бір күнде мониторлық топтар карантин сақтамаған 60 нысанды анықтады, - деді ол.
600 мыңнан астам екпе жасалды. Мобильдік бригадалар ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарын вакцинациямен қамтамасыз етіп жатыр. Медицина қызметкерлері мен мұғалімдер, коммуналдық қызметкерлердің 95 пайызы вакцина алды. Халық арасында түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деді әкім.