Көлгінов елордалықтарды құттықтады

16 Желтоқсан 2020, 23:03
1731
Бөлісу:
Көлгінов елордалықтарды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз осы жылдары Тұңғыш Президентіміз қалыптастырған стратегиялық саясаты мен ішкі бірлігінің арқасында биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға қол жеткізді. Еңселі елордамыздың өсіп-өркендеуі мен қаламызда атқарылған игі шаралар - мұның айқын дәлелі - деді ол.

Сонымен қатар, қала басшысы қала халқының тұрмыс сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғаса беретінін айтты.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басты міндет - әлеуметтік әділеттілік пен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасын орындап, қала халқының тұрмыс сапасын арттыру мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді. Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! - деді Алтай Көлгінов.


Өзгелердің жаңалығы