Kolesa.kz пен Krisha.kz Астана мен Алматыда тегін жарнама беруді қайтарады

Бүгiн, 15:03
132
Бөлісу:
Kolesa.kz пен Krisha.kz Астана мен Алматыда тегін жарнама беруді қайтарады
Фото: Kolesa Group-тің баспасөз қызметі

Клиенттердің ризашылығын арттыру мақсатында Kolesa.kz пен Krisha.kz платформаларының кейбір бөлімдерінде жеке тұлғаларға тегін хабарландыру беруді қайтару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Kolesa.kz сайтында жеке сатушылар үшін "жеңіл көлік" бөліміне хабарландыру беру тегін болды. Ал Krisha.kz сайтында үй иелері үшін "пәтерлерді сату" бөліміне хабарландыру беру тегін,  - деп түсіндірді Kolesa Group-та.

Бұрын осындай хабарландыруларды ақылы түрде беру Алматы мен Астанада "фейк" хабарландырулардың санын азайту үшін тестілік режимде енгізілген болатын. Жалған хабарландыруларға шағымдардың саны 2 есе азайды, бірақ компания клиенттердің тәжірибесін ескере отырып, тәсілді қайта қарады. Жалған жарнамалармен күресу қосымша әдістермен жалғасады. Құқық қорғау органдарымен ынтымақтасу, жасанды интеллект базасында жаңа технологияларды енгізу және хабарландыру базасының тазалығы үшін күресу жоспарлануда.

Қазақстандық салық жүйесі үшін ашық емес шетелдік әлеуметтік желілер, классифайдерлер және мессенджерлер тарапынан жоғары бәсекелестікке қарамастан, біз ұсынатын сервистер қазақстандықтар арасында танымал. Біз бұдан әрі қазақстандықтарға аса ыңғайлы сервистерді ұсынуға ниеттіміз. Біз пайдаланушылардың бейілділігін арттыруға және клиенттердің ықтимал наразылығын азайтуға мүдделіміз, - деп мәлімделді компанияда.

Kolesa Group миссиясы — ең жақсы өнімдерді жасау арқылы адамдарға сатып алуға және сатуға көмектесу. Өнімдердің мақсаты — сатушы мен сатып алушының байланысын барынша тиімді ету. Kolesa Group пайдаланушыларының кері байланысының арқасында клиенттік тәжірибені жетілдіру бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.

Компания өкілдері өнімдерді пайдалануды одан әрі жеңілдетіп, түсінікті етуді жоспарлап отырғандарын, ал коммуникациялардың ашық болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы